Бейсенбі, 28.03.2024, 19:41Қош келдіңіз Гость | RSS
11"б"-сыныбының сайты
Сайт мәзірі
Сауалнама
Сайтты бағалаңыз
Барлық жауап: 136
Қазір сайтта

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Сайтқа кіру

Басқы бет



"Кешірімхан Бозтаев атындағы қазақ орта мектебі" ММ


070200, ШҚО, Аягөз қаласы, Тәңірберген көшесі 55, телефон: 8(72-237)3-00-86




Мектеп тарихы


       30 - жылдарда «Тауды бұзып, тасты жарып қазақ даласының төсіне ұлы дүбір әкеліп салынған Түркістан - Сібір темір жолы халқымыздың өміріне көп жаңалықтар мен жақсылықтар әкелді. Елімізде жаңа елді мекендер пайда болып, теміржол бекеттері мен станциялары салынып, сол Түрксиб түлегі Аякөз ірі теміржол торабына айналды.
       Кеңестік индустрияландырудың бастамасы болған осы бір алып құрылыстың салынуы тікелей тұңғыш қазақ инженері, Алаш көсемдерінің бірі Мұхаметжан Тынышбаев есімімен тығыз байланысты. Ол бір сөзінде "Турксиб - артымда қалатын ескерткішім» - деп зор сеніммен айтса да, «Шіркін, қазақ жастары мына темір тұлпарларды қашан тақымдарына басар екен» деп армандаған. Міне, осы мақсаттың орындалуына бағытталған шаралардың алды теміржол кадрларын дайындау, жол бойындағы теміржолшы балаларын оқыту, оларды теміржолшы мамандығына баулу үшін мектептер, техникалық мектептер, училищелер, теміржол техникумдары ашыла бастады. Осы қатарда 1935 жылы Аягөзде  № 8 қазақ теміржол жетіжылдық мектептері ашылды, олар 1938 жылы орта мектеп статусын иеленді. Содан бері 70 жыл ішінде № 8 қазақ орта мектебі іргелі білім ордасына айналып, халықтың құрметіне бөленіп, мыңдаған шәкірттерінің жүрегінен мәңгілік орын тауып, олардың мақтанышына айналды. Ол қазақ даласында сауатсыздықты жоюға, мәдени революцияның жеңуіне
үлкен үлес қосты.
Сөйтіп, қазір қалалық үшінші мектеп орналасқан ғимаратта бір мың тоғыз жүз отыз бесінші жылы ол кезде мектеп қазіргі №3 мектеп ғимаратына орналасады жеті жылдық қазақ мектебі ашылады.
       Қырықыншы жылы мектептің Ә.Тәңірбергенов көшесіндегі қазіргі үйі салынып бітіп, сонда көшеді. Бумен жылынатын қазандығы бар, әдемі де жаңа ғимаратқа көшу қуанышы ұзаққа созылмады. Сұрапыл соғыс басталып, мектеп үйі жаралылар үшін госпитальға айналды. Ал қазір үшінші мектеп үйіне Казполк деп аталатын
әскери бөлім орналасты, сол себепті мектеп №7 орыс мектебімен бірнеше жыл бірге оқып, соғыс аяқтала бере қайта өз ғимаратына келген.
       «Байтал түгіл бас қайғы» заман болып, соғыс ауыртпашылығын көріп әрі-бері көшіп жүргендіктен бе, 1935-1942 жылдардағы мектеп қүжаттарынан ешнәрсе сақталмаған. Содан барып бұл кезеңде қызмет істеген мектеп басшылары, ұстаздар туралы деректер айтуға ұяттымыз.
       Бірақ, құдайға тәубә, сол жылдардағы
мектебіміздің шәкірттері, одан соң оқуларын амалсыз үзіп қолдарына қару алып, туған жерінің шетінде алысқан жаудың өтінде кеудесін оққа төсеп Отанын қорғап, елге аман оралған ағаларымыз Өмірзақ Исмағүлов, Ғалым Сәлиманов, Мәукен Садықов,
Т.Исағали, Қасым Байғүлақов, Тәкен Назаров, Ахметқазы Болатов кейін дүние салғанмен, елге қадірлі екі қария соғыс ардагерлері Берікхан Түсіпов пен Ыдырыс Әділханов аман-есен егемендік алған елінде еңсесін биік ұстап арамызда жүр. Осы ағаларымыздың және сол сүрапыл жылдары оқыған демалыстағы қарт ұстаздар Тоқан Асылбеков, Құсайын Әткешев,
Кәмәш Әубәкірованың естеліктерін пайдаландық. Ең қиыны мектептің ашылған жылын тап басып айту болды. №7, №8 орыс қазақ екі мектеп бір жылда ашылған болар деген үмітпен №7 мектеп архивін көтеру де еш нәтиже бермеді, себебі онда сақталған қүжаттар 1952 жылдан бергі ғана. Сондықтан сол кісілердің естелігі негізінде мектептің ашылуын 1935 ж деп алдық. Оған қоса сол кездерде мұғалім болған С.В.Черногорованың естелігінде: «В 1935 году в здании, где сейчас расположена школа-интернат №2 (қазіргі № 3 мектеп) открылась казахская школа-семилетка. Начиная с 1938-1939 учебного года она стала называться средняя школа №8.»

Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сілтемелер
  • Ayagoz KZ