Вы можете добавить вашу организацию в наш справочник. На данный момент 226 организации в 61 разделах справочника. Заметили ошибку или устаревшие данные в справочнике, сообщите через форму Добавить организацию
Аягөз политехникалық колледжі 2014–2015 оқу жылына оқушыларды қабылдайды.
Мемлекеттік лицензия: Серия АБ № 0067153 16.03.2009 ж.
Колледжге техникалық және кәсіптік білім алатын төмендегі мамандықтар бойынша 9 және11 сынып бітіргендер мемлекеттік тапсырыс (грант) және ақылы негізде оқуға қабылданады. Колледжде техникалық және кәсіптік білім алатын негізгі мамандықтар:
Оқу мерзімдері:9 сыныппен —3 жыл10 ай,11 сыныппен —2 жыл10 ай
4. 051803 3 — Шаруашылық қызметті талдау және бухгалтерлік есеп экономисі
Оқу мерзімдері:9 сыныппен —2 жыл10 ай,11 сыныппен —1 жыл10 ай
Мемлекеттік «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы негізінде бұқаралық кәсіпкер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіпкер бойынша төмендегі мамандықтар мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде дайындалады.
5. 140121 3 — Техник-құрылысшы
Оқыту мерзімі:9 сыныппен —3 жыл6 ай.
6. 141407 2 — Ағаш және жиһаз өндірісінің шебері
Оқыту мерзімі:11 сыныппен —10 ай.
Оқуды бітіргендерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Колледжге түсуге қажетті құжаттар:
1. Өтініш (колледжде толтырылады); 2. Білім туралы құжат (түпнұсқасы); 3. 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама; 4. Фотосурет 6 дана (3×4); 5. Жеке куәлік көшірмесі; 6. Жеке куәлік алмағандар тууы туралы куәліктің нотариуспен расталған көшірмесі; 7. Жеке сәйкестендірілген нөмер (ИИН); 8. Флюрография анықтамасы; 9. Мектептегі екпе анықтамасы (063-У); 10. 2013 жылғы ҰБТ сертификаты; 11. Мекен-жай анықтамасы; 12. Конверт, құжат тігуге 10 беттік файлдық папка (регистрге тігуге арналған); 13. 1–2 топтардағы мүгедектер дәрігерлік-әлеуметтік экспертиза тұжырымдамасы; 14. Сырттай бөлімге құжат тапсырғандар жұмыс істейтін орнынан анықтама; 15. Тұл жетімдер аудан әкімінің шешімін тапсырады.
Қабылдау емтиханы:9 сынып негізінде қазақ тілі, математика пәндерінен 22.08.2014 жылы, 11 сынып негізінде қазақ тілі, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен 23.08.2014 жылы.
Оқу ақылы және мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: маусым айының 20-нан тамыз айының 20-на дейін күнделекті сағат 9-дан 17-ге дейін қабылдаймыз.
Сырттай бөлімге құжаттар 20 қыркүйекке дейін қабылданады.
Біздің мекен-жайымыз:ШҚО, Аягөз қаласы, Гагарин көшесі 20/1