Құрметті талапкер −2014
Аягөз политехникалық колледжі 2014–2015 оқу жылына оқушыларды қабылдайды.
Мемлекеттік лицензия: Серия АБ № 0067153 16.03.2009 ж.
Колледжге техникалық және кәсіптік білім алатын төмендегі мамандықтар бойынша 9 және 11 сынып бітіргендер мемлекеттік тапсырыс (грант) және ақылы негізде оқуға қабылданады. Колледжде техникалық және кәсіптік білім алатын негізгі мамандықтар:
1. 130404 3 — Техник-бағдарламашы
2. 091101 3 — Электромеханик
3. 110821 3 — Механик (теміржол)
Оқу мерзімдері: 9 сыныппен — 3 жыл 10 ай, 11 сыныппен — 2 жыл 10 ай
4. 051803 3 — Шаруашылық қызметті талдау және бухгалтерлік есеп экономисі
Оқу мерзімдері: 9 сыныппен — 2 жыл 10 ай, 11 сыныппен — 1 жыл 10 ай
Мемлекеттік «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы негізінде бұқаралық кәсіпкер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіпкер бойынша төмендегі мамандықтар мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде дайындалады.
5. 140121 3 — Техник-құрылысшы
Оқыту мерзімі: 9 сыныппен — 3 жыл 6 ай.
6. 141407 2 — Ағаш және жиһаз өндірісінің шебері
Оқыту мерзімі: 11 сыныппен — 10 ай.
Оқуды бітіргендерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Колледжге түсуге қажетті құжаттар:
1. Өтініш (колледжде толтырылады);
2. Білім туралы құжат (түпнұсқасы);
3. 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама;
4. Фотосурет 6 дана (3×4);
5. Жеке куәлік көшірмесі;
6. Жеке куәлік алмағандар тууы туралы куәліктің нотариуспен расталған көшірмесі;
7. Жеке сәйкестендірілген нөмер (ИИН);
8. Флюрография анықтамасы;
9. Мектептегі екпе анықтамасы (063-У);
10. 2013 жылғы ҰБТ сертификаты;
11. Мекен-жай анықтамасы;
12. Конверт, құжат тігуге 10 беттік файлдық папка (регистрге тігуге арналған);
13. 1–2 топтардағы мүгедектер дәрігерлік-әлеуметтік экспертиза тұжырымдамасы;
14. Сырттай бөлімге құжат тапсырғандар жұмыс істейтін орнынан анықтама;
15. Тұл жетімдер аудан әкімінің шешімін тапсырады.
Қабылдау емтиханы: 9 сынып негізінде қазақ тілі, математика пәндерінен 22.08.2014 жылы, 11 сынып негізінде қазақ тілі, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен 23.08.2014 жылы.
Оқу ақылы және мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: маусым айының 20-нан тамыз айының 20-на дейін күнделекті сағат 9-дан 17-ге дейін қабылдаймыз.
Сырттай бөлімге құжаттар 20 қыркүйекке дейін қабылданады.
Біздің мекен-жайымыз: ШҚО, Аягөз қаласы, Гагарин көшесі 20/1
Анықтама телефондары: 8(72237)33479, факс: 8(72237)30532
Электрондық пошта:
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
№ 4 автобус маршрутімен келуге болады.